Түркістан облысында корпоративтен “қашқан” шенеуніктер видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде түсірілген видео пайда болды. Онда қызметкерлердің карантин талаптарына бағынбай, бас қосқаны айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Отырыстың видеосы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Видео авторы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Кентауда мерекелік шара ұйымдастырғанын, оған аудандардан қызметкерлер келгенін жеткізген. Полиция қызметкерлері аталмыш факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар толтырып, санитарлық дәрігерлерге жіберген. Тиісті шешімді солар шығарады.