Жамбыл облысында балабақша қызметкері бюджеттен 54 млн теңге жымқырды

Жамбыл облысындағы балабақшалардың бірінде бюджет қаржысын жымқыру фактісі тіркелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Аймақтық департамент қызметкерлері экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі әлсіз нүктелерді жоюға бағытталған “Qamqor” жобасы шеңберінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім беру бөлімінің “Ақбота” балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады. Тергеу бюджет бойынша жауапты қызметкер Абибуллаев өз қызметін пайдаланып, 2018 жылдан 2021 жылға дейін шотына заңсыз қаражат аудару арқылы 54 млн теңге ұрлағанын анықтады. Абибуллаев алты жылға сотталды. Келтірілген залал ішінара жабылды. Ол 18 млн теңге төледі.