Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау саласындағы реформаға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Түрмелер мен ғимараттарға бейнебақылау енгізуді бастаймыз. Қазір біз олардың санын және техникалық жағдайын есептеуге кірістік”, – деді министр. Тұрғымбаев ведомство сыбайлас жемқорлық бойынша да тиісті шаралар қабылдап жатқанын тілге тиек етті. Ішкі істер министрлігі агенттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, үшжақты жоспар әзірлеген.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33%-ке қысқарды.