Төтенше жағдайдан зардап шеккен Екібастұз тұрғындары әкімге өтініш жаза алады

Өтініштер күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Өтініш тіркелгеннен кейін әкімдік тұрғын үйіңізге комиссиялық тексеру жүргізіп, одан әрі өтемақы алу үшін келтірілген шығынды анықтайды. Қалада ыстық тамақ және демалыс орындарымен қамтамасыз етілген жылу пункттері ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин хабарлады. Жылу батареялары қатып қалған жағдайда немесе тұрғын үйлерде жылу болмаған кезде әкімдіктің +7(7187)740041 сенім телефонына хабарласу қажет.