Тағы 700 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды. Ал оның алдында бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды. Сонымен қатар бір тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды, 8 адам пневмонияға шалдықты.