Талдықорғанда демалыс күндері локдаун енгізіледі

Талдықорғанда қаңтардың 16-сы мен 17-іне локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 22:00-ге дейін және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында ғана жүретін болады. Ойын-сауық орталықтары, моншалар, спорт және мәдениет нысандары, базарлар жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары тапсырыс негізінде жеткізіп берумен шұғылданады. Облыс орталығында азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар қалыпты жағдайда қызмет көрсетпек. Еңбеккерлердің 80%-і жұмысын қашықтан атқарады. Мектептерді штаттық режимге көшіру осы айдың аяғына дейін шегеріліп отыр. Санитарлық талапты күшейтуге сырқаттанғандар санының артуы себеп болған. Мәселен, өткен он үш күн ішінде 166 адамнан індет белгілері анықталды.