Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов 55 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне “Қазақфильм” киностудиясы растады. Қазақстанның мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық актер әрі продюсердің Грузияда “Больше чем любовь” фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болғанын айтты. Ал Әбдірайымовтың туыстарының хабарлауынша, актердің қазасына инфаркт себеп болған. Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі актердің жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді. Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін бітірген. Ол 1999 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының актері. Айта кетейк, “Кімнің жаны нәзік болса”, “Шанхай”, “Рэкэтир – 2”, “Елес қуған сайыпқыран” секілді фильмдерде ойнаған.