Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың отбасы 20 млн теңгеден алады

Қазақстанның төтенше жағдай министрі Юрий Ильин әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің отбасыларына қандай төлем берілетінін айтты. Сақтандыру төлемін қоспағанда, қаза тапқан әр құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады, деп хабарлайды “Хабар 24” телеарнасы. “Емге мұқтаж жігіттерге көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру жағдайы бар – қаза тапқандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай үлес төленеді”, – деп мәлімдеді ТЖМ басшысы. Министр төлем әр қаза тапқан азаматтың заңды мұрагері анықталғаннан кейін төленетінін атап өтті.