Тәртіп сақшылары оның 21 жастағы жігіт екенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24. Тінту кезінде қалтасынан маркер мен ұялы телефон табылған. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Ол есірткі сататын сайттардың атауын үйлердің қабырғасына жазып, жарнамалап келген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай әрекет заңға қайшы. Енді күдікті айыбы толық дәлелденсе, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.