Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетті

Олардың екеуі қаза тапты. Қалған екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. “Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді Жанат Сүлейменов.