Жамбыл облысында заңсыз алтын қазған жігіттер ұсталды

Қылмыстық топ тау ішінен шахта қазып, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу өзені бойынан кәсіби аппараттармен жабдықталған цех табылды. Онда құрамында бағалы металл бар кен өңделіп келген. Ал бұл іске қажетті шикізатты күдіктілер Мойынқұм ауданындағы «Қаракөз» жер учаскесінен тасып отырған. Заңсыз өндіріспен айналысқан 9 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Құндыз Бөгенбаева. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.