Таулы Қарабақ Республикасының астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады

Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақ Республикасының астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости. Роликтің басында дабыл естіледі, кейін Әзербайжан тарапынан бомбаның соққысын көруге болады. Видеоның екінші бөлігінде соққының салдары: адамдардың көліктері, үйлердің қирағаны, снарядтардың қалдығы көрсетілген. Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.