Темекі мен алкоголь сатушылар тұрғындардан құжат сұрауға міндетті

Темекі мен алкоголь сатушылар тұрғындардан құжат сұрауға міндетті. Бұл туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Егер тұрғын жеке басты куәландыратын құжатын көрсетпесе, сатушы оған темекі бұйымдарын, алкогольді өнімді сатудан бас тартуы тиіс. Кодекске осындай норма енгізілді.

Бұдан бөлек бұл құжатқа келер жылы тағы бір өзгеріс енуі мүмкін. Темекі бұйымдарын сөреге шығарып, ашық көрсетіп сатуға тыйым салынады. Айта кетейік, Денсаулық кодексі 7 шілдеде қабылданған болатын.