“Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері біліне бастағандықтан, атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау”, – деді Президент. Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен “Самұрық-Қазына” қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.