Тоқаев қазақстандықтар қызу талқылап жатқан заң жобасына қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды. “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау”, – деді Тоқаев. Атап айтқанда, қазақстандықтар баланы ұрып-соққаны үшін әке-шешені ата-ана құқығынан айыру нормасына қарсы. Олар заң жобасында ұсынылған кейбір шаралар “репрессивтік” сипатқа ие деп санайды.