Жаңа министр Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде оқитынын түсіндірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде оқитынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үкімет отырысынан кейін журналистер жаңа министрден балалары қайда оқитынын сұрады. “Үш себеп бар: біріншісі – әйелімнің және балаларымның медициналық жағдайы. Екіншіден, өкінішке қарай, оларды Қазақстанда қаржылай жағдайға байланысты жекеменшік мектепте оқыта алмадым. Үшіншіден, бұл ұлыбританиялық форматтағы Кипрдегі өте жақсы мектеп. Бірақ алаңдамаңыздар. Мен сіздерге тағы да ашық айтамын, 26 маусымда олар Қазақстанға оралады”, – деді Саясат Нұрбек журналистерге.