Тоқаев Мирзиеевпен шағын құрамда келіссөз өткізді

Ақорда резиденциясында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді. Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ, аймақтағы, соның ішінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.