Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын 1 қыркүйекте жариялайды

Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын 1 қыркүйекте жариялайды. Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Жолдауда еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтылады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады делінген Берік Уәли жазбасында.