Тоқаев Украина мен Ресейді бітімге шақырды

Фото: pixabay.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына ( ҰҚШҰ) мүше елдерінің жиынында Украина мен Ресейді бейбіт бітім жасауға шақырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. “Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Стамбулдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек” деді Тоқаев.