Токио-2020: Нұрислам Санаевтың алғашқы қарсыласы белгілі болды

Ертең Токио Олимпиадасында еркін күрес шеберлерінің бәсекесі басталады. Қазақстан атынан кілемге алғаш болып Нұрислам Санаев шығады, деп хабарлайды Olympic.kz. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрислам Санаевтың алғашқы қарсыласы – Гвинея және Бисау балуаны Диамантино Иуна Фафе. Белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 71-орында тұр. Қоржында үш қола. Ал топ басына 29 алтын алып үлгерген Қытай құрамасы жайғасты. Үздік үштікті АҚШ пен Жапония түйіндеп тұр. Токиодағы бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.