Turkish Airlines ұшағы Оралға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бортта 17 жастағы жасөспірім қайтыс болған. TK 3995 рейсі Ресейдің Қазан қаласынан Антальяға ұшып бара жатқан. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдан жедел жәрдемге хабар түскен бойда дәрігерлер сол жерге шұғыл жеткен. Татарстан Республикасының азаматы ДЦП-мен ауырған. “Бортта 3 дәрігер болған. Олар 45 минут бойы қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдырғанымен, нәтиже болмады”, – дейді басқарма мамандары. Ал көліктегі полиция депаратменті кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.