Twitter-дің бұрынғы топ-менеджерлері Илон Маскты сотқа берді

Олар жұмыстан шыққаны үшін 128 миллион доллардан астам ақша талап етті. Айта кетейік, Маск Twitter-дің бұрынғы атқарушы директорын, бұрынғы қаржы директорын, бұрынғы бас заңгерді жұмысқа деген немқұрайлығы мен тәртіпті қасақана бұзғаны үшін жұмыстан шығарған болатын. Компанияның бұрынғы қызметкерлері бұл айыпты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Маск оларға жұмыстан шығу жәрдемақысын төлемеу үшін қисынсыз себептермен жұмыстан шығарған.