Twitter-дің жаңа басшысы Илон Маск барлық бұғатталған аккаунтқа рақымшылық жарияламақ

Бұл туралы Си-Эн-Эн хабарлайды. Жоспар бойынша аккаунттардың жұмысы келесі аптада қайта іске қосылуға тиіс. Таяуда миллиардер әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізген. Сол кезде 70% – тен астам адам бұғатталған парақшаларды қайта ашуға дауыс беріпті. Алайда сарапшылар оның бұл қадамын құптамайды. Себебі желіде жалған ақпарат көбейіп, пайдаланушылар арасында араздық пайда болуы мүмкін.