Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, кеше, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын “арнайы операция” деп атаған. Ал “Ақ жол” демократиялық партиясының пленумы Украинадағы соғысты ашық қолдаған Азамат Әбілдаевты партиядан шығарған.