Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылдың наурызынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр. Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты “Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі” халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.