Ол “Кәусар тревел” компаниясының басшысы, – деп хабарлайды “КТК” арнасы. «Медет Мұратбайұлы кіші қажылықты өтеуге ниет еткеннің әрқайсынан кемі 1 мың доллардан алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», – дейді Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Ерлан Ирбаев. Қаңтарда қажылыққа кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мәдинаға бара алмаған. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Мәдинадағы жатақханаға тастап кеткен. Сондықтан қазақстандықтар өзге елде жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтуға билетті де өз ақшасына сатып алған. Қазір “Кәусар тревелден” жолдама алғандар жаппай полицияға арыз жазып жатыр.