Атырау тұрғыны жеті жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Бұл туралы Дина Таңсәрі Instagram-парақшасында жазды. “Атырауда ауыр қылмыс болды. Әйелдің қайын ағасы жеті жасар балаға сексуалды зорлық жасаған. Ұл әйелдің бірінші некесінен. Әйелді күйеуінің барлық туысы, күйеуінің өзі ұрып-соққан, тіпті жүкті болса да, кесір тілігі отасынан кейін де. Әйел психологиялық тұрғыдан қатты шаршаған әрі адвокаттың, психологтың көмегіне, материалдық қолдауға мұқтаж. Күдікті қамауға алынған жоқ!” – деп жазды Таңсәрі. Ол бұл істі Балалардың құқығын қорғау комитетінен, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясынан және ҚР Бас прокуратурасынан бақылауға алуды сұрады. Атырау облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.