Утилизациялық алымның жаңа ставкасы ақпанның соңына дейін белгілі болады

Утилизациялық алым ставкалары ақпан айының соңына дейін өзгереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министр кабельді-өткізгіш өнімдеріне утилизациялық алым жинау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылғанын айтты. “Ставкаларды қайта қарауды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп осы айдың соңына дейін аяқтаймыз”, – деді Брекешев үкімет отырысында.