Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осылай деді. Вакцина салғаннан соң үш күн ішінде темекі шеуге, алкоголь өнімдерін тұтынуға, ыстық жерге шомылуға, суық тигізуге болмайды. Қандай вакцина салса да, ол әр адамға әртүрлі әсер етеді. Инъекция салынған жер қызарып, бөртуі мүмкін. Ауырсынуы мүмкін. Кейбір адамдарда ағза бірден реакция береді. Адам ағзасына байланысты жанама әсерлер алдын ала есепке алынады. Сондықтан вакцина жасалғаннан соң, барлығына арнайы жадынама қағазы беріледі. Айта кетейік, осы аптада 2000-ға жуық адамға вакцина салынады.