Вакцинадан бас тартқан: Алматы облысында тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиешісі вакцинадан және ПТР-тест тапсырып отырудан бас тартты. Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді, қалған қызметкерлер вакцина алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Балалар үйінің 93 қызметкерінің төртеуінде медициналық вакцинаға қарсы көрсеткіші бар. Тәрбиеші Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берді, сонымен қатар ПТР-тест тапсырудан бас тартты. Қазіргі уақытта Зубкова 3 шілдеден жұмыстан шеттетілді. Қалған қызметкерлер вакцина салдырды.