Венгрия ғалымдары пластмассаны жоятын бактерияларды ойлап тапты. Жергілікті екі жас ғалымның микроағзалардан жасаған сұйықтығы кез келген пластмассаны бірнеше аптада ыдыратып жібере алады деп хабарлайды 24.kz. Мамандар оның жойылу процессін күз кезінде жапырақтың жерге түсіп шіруімен салыстыруға болады дейді. Пластмасса екі аптада іріп ұсақталса, 7 апта ішінде толықтай жойылып бітеді екен. Ғалымдардың ашқан тың жаңалығы өнеркәсіптік жолға қойылса, әлемдегі пластмасса қоқыстарын азайтуға септігін тигізері анық.