Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша “сары” аймаққа кірді

Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша “сары” аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел деп хабарлайды Tengrinews.kz. 25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы “қызыл” аймақта орналасқан. “Сары” аймаққа – Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары кіреді. Басқа өңірлер “жасыл” аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан “жасыл” аймақта болған.