Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев төлемді мобильді аударымдар арқылы алатын және салық төлемейтін кәсіпкерлер қалай анықталатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айтуынша, мұндай бизнесмендерді арнайы ақпараттық жүйе анықтайды. Бұл жағдайда банк құпиясы күшін жойып, мәліметтер салық органдарына қолжетімді болады. “Тәуекелдерді басқару жүйесін жасаймыз. Мәселен, тәуекелдердің бірі – бір күн ішінде адамға түрлі көздерден ақша түсуі. Егер бұл жағдай бірнеше күн, айлар бойы жалғасса, салық органдары назар аударып, жеке тұлғамен одан әрі жұмыс істеуі керек”, – деді Сұлтанғазиев.