WhatsApp арқылы төлем жүргізуге болады

WhatsApp мессенджері арқылы төлем жүргізуге болады. Әзірге жаңа сервис пилоттық режимде Бразилия тұрғындарының арасында тексеріліп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Қаржыны жіберу және алу фотомен бөліскендей оңай болады. Біз шағын кәсіпкерге сатылымды тікелей WhatsApp арқылы жасауға көмектесеміз” деп жазды Facebook басшысы Марк Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа функция үшін Facebook Pay сервисі әзірленген. Онда компанияға тиесілі қосымшаларда төлем жасау қауіпсіз әрі оңай.