WhatsApp-та жаңа функция іске қосылды

Енді мессенджерде хабарламаларды автоматты түрде өшіре аласыз. Тіпті хатты өшіру үшін таймер орнатуға болады, деп жазады The Verge. Жаңа функция WhatsApp мессенджерін жаңартқаннан кейін пайдалана аласыз. Енді баптауларда жаңа чаттардағы хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан, бір аптадан немесе 90 күннен соң автоматты түрде жойылатын опцияны іске қосуға болады. Мерзімін әркім өз қалауынша көрсете алады. Алайда бұл өзгеріс ескі және топтық чаттарға енгізілмейді. Егер пайдаланушы бұл функцияны іске қосқысы келсе, әңгімелесушіге немесе чаттағы басқа адамдарға автоматты түрде өшіру туралы хабарлама жіберіледі. Опцияны өз қалауынша өшіріп-қосуға болады.