Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтан «Құмтор» алтын кен орынына байланысты айыптаулар алынды, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарынан мәлім болды. Тергеу Ақаев та оның туыстары да Құмтордан ақша алмаған деп тапқан. Шешімнен кейін экс-президент Мәскеуге ұшып кеткен. Айта кетейік, бұл Асқар Ақаевтың «Құмтор» кен орынына қатысты Бішкекке екінші рет келіп сотта жауап берді. Алғаш рет Қырғызстанның бұрынғы президенті биыл тамыз айында келіп, осы кен орынына қатысты сыбайлас-жемқорлық бойынша жауап берген еді.