Қырғызстанның күш құрылымдары жалған доллар сатқан екі қазақстандықты ұстады

Топ мүшелері “Оптима Банк” ААҚ терминалдары арқылы банк карталарын толтырып, Бішкектегі ақша айырбастау пункттерінде сатқан. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Қылмыстық іс аясында құны 45 мың доллардан асатын 100 долларлық жалған банкноттар анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Қазір топ мүшелері Қырғызстанның төрт азаматы мен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Топқа қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жалғасып жатыр.