Өз баласын дәретханаға тастаған қыз жауапқа тартылды

БҚО-да өз баласын дәретханаға тастаған 19 жастағы қыз жауапқа тартылды. Ол педагогикалық колледждің екінші курс студенті. Қыз өз түсініктемесінде жігітінің баладан бас тартқанын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ . Бұл іс бойынша сот отырысы Казталов ауданында болды. Айыпталушы кінәсін мойындағандықтан, қылмыстық іс қысқартылған нұсқада өткен. Казталов аудандық сотының үкімімен айыпталушы жаңа туған нәрестені өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы берілді.