“Алтын Орда” маңындағы жол құрылысы тағы ұзартылды

Бұл жолдың салынып жатқанына үш жылдан асты. Жоспар бойынша жолайрық былтыр аяқталуы тиіс болатын. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының өкілі жол құрлысының созылуына бірнеше себеп бар дейді. Жол құрылысы күтпеген жағдайларға байланысты аяқталу мерзімі қайта қаралды. Бұған коронавирус пандемиясы, төтенше жағдай мен карантин режимі себеп. Соған байланысты құрылыс жобасы осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Былтыр ТЖ режимі кезінде құрылыс учаскесіне блокбекеттер қойылды. Адамдар ол жермен жүре алмады”, – деп хабарлады “ҚазАвтоЖол” басқарма төрағасы Ұлан Әліпов. Қазір “Алтын Орда” алдындағы өткел ашылып, жарық қойылған. Енді ұзындығы 800 метр негізгі эстакада құрылысы қалды.