Зағипа Балиева пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцина салдыруды ұсынды. Мәжіліс депутатының айтуынша, бұл вакцина Қазақстандағы коронавирустың қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Себебі оның негізгі салдары – пневмония. Одан бөлек, отандық инфекционистер қыркүйектің аяғына дейін ересектер мен балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакцина салып шығуға кеңес беріп отыр. Осы орайда депутат үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық министрі Алексей Цойға жазбаша сауал жолдап, мәселені шешіп беруді сұрады. “Бұл шараны міндетті медициналық сақтандыру қорының есебінен өткізу керек. Себебі бұл вакцина қымбат. Мен осы мәселені бірнеше рет көтерген едім. Бірақ “СК-Фармация” тарапынан әлі жауап жоқ”, – деді Бәлиева