Депутат Айқын Қоңыров несие амнистиясын жүргізуді ұсынды

Депутат Айқын Қоңыров несие амнистиясын жүргізуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда пандемияға дейін салықты уақтылы төлеп келген отандастардың қарызын кешіру керек. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. “Елімізде шектеу шараларына дейін салықты дұрыс төлеген, жұмыс орындарын құрған және төтенше жағдайды, карантин мен локдаунды енгізу нәтижесінде несиелерге қызмет көрсету бойынша қиын жағдайға тап болған, өз құқықтары шектелген қаржы институттарының қысымымен қалу қаупі бар жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жүргізу қажет”,- деді Қоңыров.