Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары тарап жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев азаматтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын айтады. Заңсыз әрекеттерді ұйымдастырған және акцияларға қатысқан адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті. Еске салайық, 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарымен бірлесіп, қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.