Елдегі көлік қозғалысына шектеу жоқ

Елдегі республикалық маңызы бар тасжолдардың барлығы ашылды. Қазір көлік қозғалысына шектеу жоқ. Бірқатар өңірде қалың қар жауып, мұз-тайғақ болды. Сол үшін қазір сала мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға 270 арнайы техника және 440 маман жұмылдырылды.