Өзбекстаннан Қазақстанға ұшатын рейстер кейінге шегерілді

Олар Алматы мен Нұр-Сұлтанға келетін екі рейс. Оған Ташкент әуежайы терминалының жертөлесінде түтіннің шығуы себеп, -деп хабарлады Uzbekistan Airports баспасөз қызметі. Барлық жолаушы мен қызметкер шұғыл эвакуацияланған. Мәскеуге және басқа қалаларға ұшатын рейстер де кейінге шегерілген. Трансформатор қосалқы стансасында электр желісінің қысқа тұйықталуы болған. Ақауды жою үшін әуежайда уақытша жарық сөндірілген.