Зейнетақы жинағын алу ережесі өзгерді

Қазақстандықтар бір жолғы зейнетақы төлемдерін бірнеше рет бөліп пайдалана алады. Қаржыны берудегі негізі бағыттың бірі – тұрғын үй жағдайын жақсарту. Ол қандай шарттармен бірлетінін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялады. Ең бірінші тұрғын үй сатып алу. Жер сатып алуға және жеке үйіңізді сала аласыз. Егер пәтерді ипотекаға алуды жоспарласаңыз, зейнетақы қорындағы қаржыны алғашқы жарна ретінде пайдалана аласыз немесе ипотекалық қарызды толық өтеуге болады. Сондай-ақ жақын туыстар қаржысын өзара бірлесіп жұмсай алады. Бірақ айта кететін бір жайт бар. Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланып алынған үйді бес жылға дейін сата алмайсыз. Сондай-ақ үйді жақын туыстарыңыздан сатып алуға болмайды.