Зейнетақы жинағындағы соманы тексерудің бірнеше жолы бар

Зейнетақы жинағындағы соманы тексерудің бірнеше жолы бар. Қордағы жиналған қаржыны тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беруге болады. Ең бастысы, жиналған қаржы жеткіліктілік шегінен асуы қажет. Азаматтар қордағы жинақ соманы электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы enpf.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинеттен тексере алады. Бұдан бөлек, БЖЗҚ мобильді қосымшасынан да білуге болады. Жинақтар сомасы туралы анықтаманы eGov.kz сайтынан немесе eGov Mobile мобильдік қосымшасынан алуға мүмкіндік жасалған. Қазақстандықтарға жинағындағы сома туралы ақпарат электронды поштасына да жіберіледі. Ол үшін БЖЗҚ сайтында құжатты рәсімдеу қажет. Содан кейін көшірме құжатты алу салымшының қосымша өтінішінсіз тұрақты түрде жасалады.