Зейнеткерлерге де 5 проценттік ипотека алуға болады. Жұмыс істейтін зейнеткерлер екі қосалқы қарыз алушыны көрсетсе, “5-10-20” бағдарламасына қатыса алады. Әкімдік кезегінде тұрған зейнеткерлерге осындай мүмкіндік жасалды. Зейнетақы табыс көзі болып саналмайтындықтан, бұл санаттағы адамдардың табысы болуы шарт. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев осылай деп мәлімдеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әкімдік кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамту.