Навальный Путинді айыптады

Навальный Путинді айыптады. Ресейлік оппозициялық саясаткердің мәлімдеуінше, өзіне “у бергендердің” артында Путин тұр деп санайды. Ол бұл пікірін немістің “Шпигель” журналына берген сұхбатында айтты. Оппозиционер Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын, ешкімнен қорықпайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 20 тамызда Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқан жолда ұшақта саясаткердің жағдайы күрт нашарлаған болатын. Кейін ол Берлин клиникасында емделді. 2 қыркүйекте Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт зертхана мамандарының қорытындысына сәйкес, Навальныйдың ағзасынан “Новичок” тобына жататын у қалдықтары табылды деп мәлімдеген. Франция мен Швецияның тәуелсіз зертханалары да бундесвер зертханасының қорытындысын растады.