216 мың зейнеткер бір жолғы төлем алады

216 мың зейнеткер бір жолғы төлем алады. Мұндай қаржылық көмек қарттар күніне орай көрсетіледі. Оның жалпы сомасы – 2,3 миллиард теңгеге тең. Биыл егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ведомство мәліметінше, елімізде 2 миллионнан аса зейнеткер тұрады. Қоса кетсек, бүгінде жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты+базалық) 58 мың теңгеден асады, ал жоғарғы шегі – 128,5 мың теңге. Сонымен қатар, азаматтар, БЖЗҚ-дан өздері жинақтаған қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін алады.