Зеленскийге соңғы аптада үш рет қастандық жасалған

The Times басылымы осылай деп хабарлады. Екі жалдамалы топ террористік акт жасауды жоспарлаған. Алайда олардың ойлағаны жүзеге аспапты. Бұл ақпаратты Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс министрі Алексей Резников ресми түрде растады. The Times мәліметінше, қастандықтардың артында Вагнер тобы мен шешен арнайы күштері тұр.